№ 38 жалпы негізгі білім беру мектебінде Павлодар қаласының ауыл мектептері арасында Ұлы Жеңіс күніне арналып шағын-футбол турнирі өткізілді. Турнирге Ленинский аулының №31 ЖОМ, № 32 ЖНМ, №33 ЖОМ командалары, Кенжекөл орта мектебінің, Жетекші жалпы орта мектебінің және № 40 ЖОМ командалары қатысты.ъ
Турнирді өткізуге демеушілік көрсеткен мектебіміздің түлегі – Сулейменов Максут Шайкенұлы. Максут Шайкенұлы үнемі көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетіп отырады. Ол кісінің көрсеткен көмегі балалар мен ата-аналарға қамқорлықты сезіне білуге септігін тигізді. Максут Шайкенұлы біздің ауыл мектептері арасында шағын-футбол ұйымдастыру ұсынысымызды да жауапсыз қалдырмады. Турнирге келген балалар жарыс рухын сезініп, өз шеберліктерін, дайындықтарын көрсетті. Әрине ер балалардың барлығы атақты футболшы болуды армандайтыны анық. Спортқа деген қызығушылық балаларды тәртіпке, салауатты өмір салтын сақтауға үйретеді.
[embed]https://youtu.be/La1Ebe4G7Jg[/embed]