Телефон доверия
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Адрес: c.Мойылды ул Абая 1
8/7182/356596
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдық шытырман оқиғалар
14-01-2016 03:16
Жаңа жылдық шытырман оқиғалар

Павлодар қаласының №38 ЖНМ Мемлекеттік мекемесінде оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сыныптарында жаңа жылдық мереке өтті.

Міне, балалар үшін ең керемет таңғажайып мереке – жаңа жыл да келіп жетті. Оқушылар мерекеге арнап ән, би, өлеңдер дайындады.

«Жаңа жыл» өлеңінің әуені ойнала басталуы мен балалардың қуанышты дауыстары мерекенің басталғанын жария еткендей. Скоморох үлкендер мен балаларды жаңа жылмен құттықтады.

Иә, ертегі кейіпкерлерінсіз қандай мереке болушы еді? Мерекеге бірінші болып айдай сұлу Қыс келді, иә, міне қызық, Қасқыр мен Қоян Аяз Атаға шақыру жеткізбепті. Олар басты кейіпкерлер өздері болмақшы болып, Аяз Ата мен Ақшақардың киімдерін киіпті. Бірақ, босқа әуреленіпті, Қыс пен балалар олардың бет пердесін бірден әшкереледі. Қасқыр мен Қоян барлығының алдында кінәлі болып, сиқырлы қоңыраудың сыңғырымен басты кейіпкерлердің өздерін шақыруды жөн санады. Дәл осы кезде, әдеттегідей Жалмауыз кемпір ертегінің басты кейіпкерлеріне өз кедергісін келтірмек болады. Ол Ақшақарды қуып жетіп, жаңа жылдық сыйлықтарды тартып алмақ болады, кәмпиттерді жеп, қағаздарын шашып, шыршаның маңында бәрінің шырқын бұза бастады. Мұндай тәрбиесіз кәрі кемпірдің бұндай мерекеде орын жоқ екені анық. Бірақ, балалар Жалмауыз кемпірді жөнге келтіріп тәрбиелеуді құп көрді. Тіпті, онымен бірге «Кәмпит қағаздарын жина» ойынын да ойнады. Ал кемпір алғысы ретінде балаларға «Сиқырлы қарлар» ойынын ойнауды үйретті.

Бірақ та, балалар кештің ең басты мейірімді кейіпкері – Аяз Атаның келуін тағатсыздана күтті. Міне, алыстан әндетіп көп күткен, балалардың ең сүйікті Аяз Атасы да келіп жетті. Ол өзімен бірге үлкен қаппен балаларға базарлықтар ала келді. Балалар Аяз Атамен бірге шыршаны айналып ән айтып, жаңа жыл туралы жұмбақтар шешіп, би билеп, ойындар ойнады. Мереке соңында барлық балалар тәтті сыйлықтар алды.

Жаңа жыл – бұл үлкендер үшін де, балалар үшін де таңғажайып ертегі. Осы жылы бірінші рет Ақшақар рөлінде 4 «Б» сынып оқушысы - Леонтьева Яна, Скомороха рөлінде 4 «Б» сынып оқушысы -Зуев Никита ойнады.

Әсіресе, ертегі кейіпкерлері ата-аналар болғанда мереке қызықтыра түсті. Балаларына арнап қойылым қоюлары бірінші рет емес. Өзінің әртістік қабілеттерін жақсы таныта білген ата-аналар: О.В. Герстенлауэр (Қоян рөлінде) , О.А. Федина (Жалмауыз кемпір рөлінде), А. И. Шерстянникова (Қыс), В.В. Иконникова (Қасқыр), Леонтьев В. (Аяз Ата).

Балалар әртіс боп жүрген өз ата-аналарына таңқала қарады. Үлкендер мен балалар мерекеден жақсы көңіл күйде шығып, мерекеден жағымды эмоция алды.

Павлодар қ. №38 ЖНМ ММ, бастауыш сынып мұғалімі С.В.Рожина