Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін облыста құтырудын алдын алу айлығы өтуде.
02-10-2019 15:08
 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін облыста құтырудын алдын алу айлығы өтуде.

«Павлодар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін облыста құтырудын алдын алу айлығы өтуде. Қаладаосы күнге дейінжануарлар тістеуінен шамамен 850-ден астамадам зардап шеккен, 90% үй жануарларының тістеу жағдайынан. Осыған байланысты, тұрғындарды құтыру сияқты сырқат туралы ұытпауға шақырамыз, алдын алу шараларын қадағалау және тістеген жағдайда  кешіктірмей медициналық көмекке  жүгіну.

Құтыру-орталық жүйке жүйесін ауыр жаралаумен, өте қауіпті  инфекциялық сырқат, ол әрқашан қазалы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Құтыру вирусы адамға ауру тағы және үй жануарларынан беріледі.

Адамның зақымданған терісіне (жарақат, терісі сыдырылған жер, тырнақ ізі) ауру жануардың сілекейінің тиюі болмаса жануардың тістеп алуында ауру жұғады.

            Сырқаттың инкубациалық кезеңі он күннен бір жылға дейін созылады, оның ұзақтығы тістелген орнына байланысты. Ең қауіптісі бас, бет, мойын, алақан  және қол саусақтарының тістелуі, яғни клиникалық белгілеріне дейінгі мерзім өте қысқа және ауру ерекше белсенді өтеді. Киіммен жабық орын, дене  бөлігіндегі тістелу онша қауіпті емес.  

Жануарлармен тістелген жағдайда жылы сумен жарақатты жуу,  тұрған орны бойынша медициналық ұйым травмпунктіне жүгіну қажет.   Медициналық ұйымда Сізге құтыруға қарсы екпе курсын тағайындайды.  Дәрігермен тағайындалған вакцинаны үздіксіз және толығынан алу қажет. Қазіргі уақытта қолданылатын вакциналар, ережемен 6 рет егіледі: инъекция дәрігерге жүгінген күнде жасалады, содан соң  3, 7, 14, 30 және 90 күні. Вакцинация ақысыз жасалады.

Жануарды еш уақытта өлтіруге болмайды. Жануар бөлек қойылады және ветериинарлық дәрігермен қадағаланады.

Әр адам білуі қажет, адамды тікелей өлімнен құтқарудың жалғыз құралы  - бұл уақытылы құтыруға қарсы кешендік екпені жүргізу.

Иммундық алдын алудың тиімділігі оны уақытылы жүргізуден байланысты. Әрқашан есте сақтаңыздар, әр өткізілген күн- өте қауіпті!