Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көрісу күні
13-03-2023 18:06
Көрісу күні

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір- бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.

 Бүгін біздің №25 ЖОББМ де өз шаңырағында Мұзафар Әлімбаев атындағы ЖОББМ мен «Жігер» клубынан келген қонақтарды ән-жырмен қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Сондай-ақ, мектебіміздің бір топ оқушылары мен ұстаздары М.Әлімбаев атындағы мектепке және балаларға арналған көркемсурет мектебіне көрісу күніне орай концерттік бағдарламасымен барып, қонақ болып келді.

Шашу шашып, қол алысып, амандық білісіп, жақсылық тілеумен басталған таңымыздағы игі істер жаңа жылымыздың жақсылықтарға ұласуымен жалғасын тапсын демекпіз. Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Бір жастарыңызбен!