Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93
email: 25_school@mail.ru
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-55-93 Факс: 65-55-95
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
Бір жылда3028757
Бір айда291336
Бір аптада58605
Кеше18032
Тәулік372

Мектеп директорының виртуалдық қабылдау болмесі, сұрақтар мен жауаптар

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: оқушы
Вопрос/обращение:
неге демалыс кезінде кейбір оқушылар сабақ оқиды.
Добавлен: 17 Қаңтар 2013
Ответ:
Демалыс кезінде тек қана 11 сынып оқушылары шақырды, себебі үйде өзбетімен дайындалғанша пән мұғалімінің жанында кеңес алып, ҰБТ -ға дайындалғанын жөн көрдік
Аты-жөнi: 2-сынып ата-аналары
Вопрос/обращение:
Павлодар қаласындағы №25 жалпы орта білім беру мектебінде өткен жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік жоғары деңгейде өткізілді. Ертегі кейіпкерлері балаларымыздың көңілінен шыға білді. Сондай-ақ, мерекенің жалғасы ретінде ата-аналар балаларымен естелікке Аяз ата мен Ақшақардың жанында фотосуретке түсу үшін мектепте арнайы орын ұйымдастырылған. Біз 2-сынып ата-аналары атынан мектеп әкімшілгіне және ұжымына алғысымызды білдіреміз және жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Добавлен: 28 Желтоқсан 2012
Ответ:
Алғыс білдіргендеріңізге рахмет. Сіздерге де жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім өткенде ата-аналар жиналысында біздің 3 сыныптың мұғалімі баланың тілі шолақтығын және есте сақтау қабілеттері төменділігін себепке алып сабақ үлгерімі төмен болғандығын айтты. Сондықтан баланы қосымша ақылы сабаққа беруді сұрады. Сонда біздің мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесі болмағаны ма?! Егер бастауыш сыныптан баламды қосымшаға (ақылы) берсем, үкіметтің ұсынып отырған ақысыз оқуынан не қайыр. Неліктен өтілі көп мұғалім балалардың қызығушылықтарын арттырып, жаңа заманауи педагогикалық технологияны қолданбайды екен. сабақта қызықты тернинг тапсырмалары, даралап оқыту, деңгейлеп оқыту деген жоқ болғаны ма? Осы сұрақты кімнен білуге болады. Қазақ десең өзіңе тиеді, айтпайын десем тағы болмайды. Сізден жауап күтемін. Рақмет.
Добавлен: 06 Желтоқсан 2012
Ответ:
Құрметті ата - ана сіздің сауалыңызға жауап беруден бұрын бастауыш сыныптардың әдістемелік бірлестігінде мұғалімдердің заманауи талаптарға сай технологияларды, атап айтсақ "тәй - тәй" технологиясы, сын тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология құзыреттілік технологиясы кеңінен қолдану үрдіске кірген мұғалімнің тіл мүкістігіне байланысты берген ұсынысы мектептегі логопедтің күші жетпегендігін және де қалада ұйымдастырылатын қосымша арнайы логопедиялық көмек алуыңызды өтінгені деп түсініңіз.
Аты-жөнi: мұғалім
Вопрос/обращение:
неге қазір мектепте мұғалімдерді қағаз басты етіп қойды? мұғалімдердің неге сонша жазатын,қатысты болсын, болмасын қағазы көп?
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
Мұғалімдердің қағаз басты болсада сабақтар уақытылы өтеді
Аты-жөнi: 4 сынып оқушысы
Вопрос/обращение:
2015 жылы 12 жылдыққа өтетініміз рас па?
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
2015 жылы 12 жылдыққа өту жоба түрінде әлі бекітілмеген.
Аты-жөнi: 4 сынып оқушылары
Вопрос/обращение:
маб болатыны, болмайтынын қашан ,қалай, әрі тез біле аламыз
Добавлен: 23 Қазан 2012
Ответ:
Казіргі уақытта МАБ емес ОЖСБ оку жетістігін сырттан бағалау деп аталады. Қашан болатыны ҚР Ғылым және Білім министрлігі бекітілген бұйрық негізінде айтылады, оқушыларға сол кезде хабарланады.
Аты-жөнi: Жансүгір Зейнегүл Қадірбекқызы
Вопрос/обращение:
Маутина Светлана Тулегенқызы! Сіз менің сабағымды өзіңіздің сабағыңыз ретінде жариялапсыз. У дыбысының дауысты болып айтылуы тақырыбын мен "Ашық сабақтар" сайтына жариялаған болатынмын.Шалқар қаласы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зейнегүл Жансүгір
Добавлен: 17 Қазан 2012
Ответ:
Сізге рахмет! Кешіріңіз! Сіздің дайын сабағыңызды сабақ өткізу барысында қолданып сайтқа жіберілді. Пән мұғалімі ретінде менің аты жөнім жазылып кеткен болар.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе? Сізден сұрайын дегенім, менің балам 3 сыныпта оқиды. Биылдан бастап орыс тіл пәні басталды. Әрине балама өте күрделі болды, себебі басқа сабақтар сияқты бірізділік пен жүйелілілікті көре алмадым. мысалы қазақ тілі пәнін дыбыс, сөз, сөйлем, т.б. ең қарапайым түрден бастадық. Ал неге орыс тілінің мұғалімі қараша айында жат жазуды (диктант) бастады. Осы сабақтың ұйымдастырылу әдіс-тәсілдерін кімнен және қалай білуге болады. Тағы да бір тоқталатын жағдай сыныпта өткен ата-аналар жиналыста біздің мұғаліміміз бізге баланың сабаққа үлгерімі төмен деген сылтау айтып, баланы қосымша ақылы сабаққа беруімізді ұсынды. Сонда мұғалімнің екі айлық жұмысының нәтижесі, еңбегі қайда? деген сұрақ өзінен-өзі туындамай ма? неліктен сабақ үстінде деңгейлік оқыту, тренинг тапсырмалары, т.б қызықты жаңа педагогикалық технологиялар қолданбайды екен. Немесе жеке-дара жұмыс жүргізілмей ме? Осы сұрақтарды қалай шешуге болады? ҚҰРМЕТПЕН: Динара
Добавлен: 05 Желтоқсан 2012
Ответ:
3 сыныптан бастап орыс тілі оқытылады. Онда коммуникативтік даму бағдарламасы бойынша екі сағаттан дәріс беріледі қазақ тілі пәнінен алфавитті өтуіне байланысты және сондағы алған біліктілік деңгейлерін пайдалана отырып оқушылардың сауаттылығы арттырылады сабақта жеңілден ауырға қарай принципі сақталады. 1 тоқсан аяғында диктант емес сөздік диктанты алынды. Ол сөздік диктантында оқулықтағы есте сақтау сөздері қолданылды. Алдағы уақытта балаңыздың пәнге деген қызығушылығы артып білімін көтеретініне сенемін. Ешқандай ақылы оқытудың қажеті жоқ деп білемін.
Аты-жөнi: Акбаян Т.
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 2013жылы 9сыныптарға МАБ бола ма?
Добавлен: 06 Қыркүйек 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 2012-2013 оку жылында МАБ тын болатыны не болмаса болмайтыны туралы әзірше ақпарат жоқ!
Аты-жөнi: Мадина К.
Вопрос/обращение:
Тамыз айында менің қызым алтыға толады. Сіздердің мектебіңізге барғымыз келеді. 2012-2013 оқу жылында мектепте дайындық (нулевой) сынып бола ма? Рақмет.
Добавлен: 12 Мамыр 2012
Ответ:
Cәлеметсізбе! 2012-2013 оқу жылында мектеп алды даярлық тобы өкінішке орай болмайды.
Аты-жөнi: 11 сынып оқушыларының ата-аналары
Вопрос/обращение:
1-ден ,біздің балаларымыз осы уақытқы дейін бірде-бір тестілеуге ПГУға барған емес! 2-ден,паток, аудиторияларын білмейді! Егер ертеңгіге дейін жауабын бере алмасаңыз, Бексейітоваға немесе облыс әкіміне жазамыз!
Добавлен: 23 Сәуір 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 11 сынып оқушылары ПМУ-ға оқу жылының басынан бастап 3 рет, баскада ЖОО-на барып 5 рет дайындық тест жазылды. 2 сұрағыңызға байланысты оқушылардың рұқсат қағазы алынбағандықтан аудитория мен патокты білмейміз.
Аты-жөнi: Айнур
Вопрос/обращение:
осы жылгы мабтын канша паннен туратыны белгили ме?
Добавлен: 22 Сәуір 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! МАБ емес ОЖСБ - оқыту жүйесін сырттан бағалау өткізіледі. 4 пәннен оның ішінде қазақ тілі міндетті түрде, қалған 3 пәнді ҚР Білім және Ғылым министрлігі белгілейді.
Аты-жөнi: Асель
Вопрос/обращение:
СКОЛЬКО БУДЕТ ГИМНАЗИЧЕСКИХ КЛАССОВ В 2012 ГОДУ ,ЕСЛИ В 2011 НАБРАЛИ 8 ПЕРВЫХ КЛАССОВ.
Добавлен: 13 Сәуір 2012
Ответ:
Сәлемаетсіз бе? әрбір оқу жылының аяғында сынып оқушыларының білім сапасы мен үлгеріміне байланысты пед.кеңес өткізіліп қорытындысы шығарылады және қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен гимназия сыныптары ашылады. Ашылатын гимназия сыныбының саны әзірше белгісіз.
Аты-жөнi: Владимир Нұрайлым
Вопрос/обращение:
Саламатсызба.Биылғы 9-сынып оқушыларына маб болама? Және де қандай пәндерден болады?
Добавлен: 12 Сәуір 2012
Ответ:
Сәлеметсіз бе? Осы оқу жылында МАБ оқу жетістіктерін сырттай бағалау ОЖСБ деп аталады. ОЖСБ-ға біздің мектеп кірген жоқ. Облыстан 5 мектеп қана қатысады. Қазақ тілі міндетті түрде, қалған пәндерді ҚРБжҒм таңдайды.
Аты-жөнi: Кастаева Айдана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! менің сұрағым МАБ комп жүйемен барлық облыстарда бола ма?
Добавлен: 13 Наурыз 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Әлі белгісіз!
Аты-жөнi: Акимбаев Куттыбек
Вопрос/обращение:
Саламатсыз ба Бұлғын Шәкенқызы Ғаламтордан сіздің мектебіңіздің сайтын кездейсоқ тауып алып, көп жаңалықтар, мағлұматтар оқыдым. Атқарылып жатқан жұмыстарыңыз, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарыңыздың табысты, жемісті болуына шын жүректен тілектеспін. Мен Акимбаев Құттыбек «Сарыарқа» жалпы орта мектебінде ата-аналар комитетінің төрағасымын. Сіздің мектебіңіздің сайтындағы ата-аналар назарына атты тақырыбында жарияланған мектеп оқушыларының киім үлгісі, түсі маған ұнады. Сол киім тігу мекемесімен қалай байланысуға болады ? Киім тігу мекемесінің формасының бағасы, алдағы уақытта тапсырыс беруге бола ма ? Немесе киім пішу мен тігу үлгілерін қандай шартта бере алатындығы туралы хабар берсеңіз, сол мәліметтер мен «Сарыарқа» мектеп директорымен және қалған ата-аналармен ақылдасар едім. Сіздің маған бөлген уақытыңыз үшін рақмет айта отырып, мектеп сайтының тұрақты оқырманы болып қалатындығымды айтқым келеді. Менің адресім: Акимбаев Құттыбек, Мобильді сымтетік: 8-705-487-26-83, Электронды пошта: akimbaev_1966@mail.ru
Добавлен: 16 Ақпан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Игі тілегіңізге коптен коп рахмет! Киім улгісі туралы сурағыңызға жауап: Адресі: Сатпаев көшесі 29 үй. "Ильхам" ательесі.
Аты-жөнi: Қозбаева С.Б
Вопрос/обращение:
Биылғы жылы сырттай бақылау тестеті информатикадан болады деген сөз бар. Рас па?
Добавлен: 21 Ақпан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Оқушылардың білімін сырттан бақылау жүйесіне барлық негізгі пәндер кіреді!
Аты-жөнi: Сарыобалы аулы негізгі мектебі
Вопрос/обращение:
Осы жылы 4 сыныпқа МАБ жұмысы келе ма? Негізгі мектептерге?
Добавлен: 13 Ақпан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 4-сыныпқа оқу жетістіктерін сырттай бағалау болмайды.
Аты-жөнi: 4 сынып ата-анасы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме? Осы жылы 4 сыныпқа МАБ жұмысы келе ма? Негізгі мектептерге?
Добавлен: 13 Ақпан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 4-сыныпқа оқу жетістіктерін сырттай бағалау болмайды.
Аты-жөнi: 4-ші сынып ата-анасы
Вопрос/обращение:
4-ші сыныптарда МАБ бола ма?
Добавлен: 19 Қаңтар 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! 4-ші сыныпта әзірге МАБ болама, жоқпа белгісіз, тек 9-сыныпта оқушылар білімін сырттан бағалау жүйесі болады, ол дегеніміз 9-сынып оқушылары компьютерлік жүйе арқылы тест алынады.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 7 соңғысы

Сұрақ қою