“Әкем және мен” атты эстафеталық жарыс
7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күніне орай 4 мамыр күні 3 сыныптар арасында “ Әкем және мен” атты эстафеталық жарыс өтті. Әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту барысында балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке тәрбиелеу көзделді. Барлық сынып белсене қатысып, жанкүйер бола білді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!