Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жетістікке жеткен ұжым
23-06-2014 09:50
Жетістікке жеткен ұжым

Бүгінгі таңда  білім беру саласында осы мәселеге үлкен көңіл бөлініп отыр. Оған дәлел – қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  жылма-жыл қала мектептері арасында оқушылар мен мұғалімдер жетістіктерін сараптайтын  рейтинг бәсекесінің өтілуі. Бұл бәсекеде оқушылардың білім сапасы, түрлі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде өтілген білім додаларындағы қол жеткізген жетістіктер, ОЖСБ, ҰБТ нәтижелері, «Алтын белгі» иегерлерінің білім нәтижелері және осы дәрежені қаншалықты ақтап шыға алғандары, спорттық жарыстардың нәтижелері, тереңдетіліп өткізілетін пәндер бойынша білім сапасы, шығармашылық жұмыстар бойынша өтілетін түрлі сайыстар мен байқаулар жетістіктері, өнер сайыстарында қол жеткізілген жеңістер нәтижелері сарапқа салынады. Сонымен қатар мектеп мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстары, баспа өнімдері, қала, облыс, республика, халықаралық дәрежеде өтілетін семинар, конференцияларға қатысулары, білімін жетілдіру курстарынан өтулері,  түрлі дәрежеде өтілетін сайыс, байқаулардағы жетістіктері, БАҚ ұйымдастырған іс-шараларға қатынасулары, оқушылармен жүргізген сапалы тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру бойынша нәтижелері де анықталып, есепке алынады. Бұның бәріне белгіленген ұпай беріліп, қорытындысы шығарылып отырады. Қорытынды ұпай нәтижесі бойынша алдыңғы қатарлы мектептер анықталады. Бәсекенің өтілуі мектеп ұжымының бірлесіп нәтижеге бағытталған еңбек етулеріне себеп болатыны анық.

Жоғарыда аталған бәсеке қорытындысы бойынша №25 ЖОМ бірнеше жыл қатарынан жемісті жетістіктерінің нәтижесінде жүлделі орынға ие болып келе жатқаны бәрімізге аян. Күні кеше ғана жылдық қорытындысы бойынша білім, өнер, спорт түрлері бойынша түрлі додада жеңіс тұғырынан көріне білген біздің мектеп ұжымы тағы да қала мектептері бойынша жоғары сатыға көтерілді. Мұның бәрі - мектеп ұжымының, яғни мектеп әкімшілігінің дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жоспарының, мұғалімдер мен оқушылардың қарымталы еңбектерінің арқасы. Нәтижелі жеңіске қол жеткізіп отырған ұжымға әрдайым қажымас қайрат, сапалы білім алуда талмас қанат, жігер мен шығармашылық табыс тілеймін.