Бүгін еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бүгін Тәуелсіздік күні! 1991 жылы 16 желтоксанда Алаш жұртының арманы орындалды. Қазақ елі дербес мемлекет атанды. Биыл сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болғай. Ұлы даламыздағы ең ұлы мерекеміз баршаңызға құтты болсын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білеміз. Салтанатты іс-шарамызды мектеп директоры Бабыкова Гаухар Қабдырқызы ашты. Барлық ұстаздарды, ата-аналарды, оқушыларды құттықтап, мектептің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етті. Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей берсін деген тілек білдірді. Концертіміз Отан, туған жер деген әндерімен жалғасты. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз. Еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.
ТЖДО А.Б. Каппасова