«Мемлекеттік рәміздер-біздің мақтанышымыз»
№25 жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін айту білімін бақылау мақсатында мектеп ұстаздары мен оқушылар арасында «Мемлекеттік рәміздер-біздің мақтанышымыз» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін мақтаныш сезімін бойларына ұялату. Гимнінің мазмұнын түсініп, әуенін дұрыс айту. Оқушылардың ой-өрісін, ақыл-ойын арттыру. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнді жатқа білу және дұрыс орындау Қазақстанда тұратын әр азаматтын парызы. Сол мақсатта біз сыныптар арасында сайыс өткіздік. Іріктеу кезеңінен 5 сынып өтті. Финалға 3 сынып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша 3 орын - 5 в сыныбы ие болды. 2 орын – 2 ә сыныбы 3 орын – 2 а сыныбы ие болды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қалыптастыру мақсатында мектебімізде жылдық жоспарға сәйкес іс-шараларымыз әрі қарай жалғасады. Мемлекеттік мейрамдарда рәміздерді қолдану ережесін, сақтау мектеп директоры және тәрбие жөніндегі директордың орынбасары жыл бойы жауапты болады.
ТЖДО А.Б. Каппасова