Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 65-18-37
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазіргі заман қаһарманы»
15-11-2016 06:04
«Қазіргі заман қаһарманы»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция

Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.

Ал Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілер ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны –бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап.

Ен даланы еркін жайлаған елімізде ежелден ерлердің еншісі Отан қорғау болған!

Бабадан құтты мұра болған бұл қастерлі борышты бүгінде антқа адал ерлер атқаруда. Өскелең ұрпақ елі үшін қасық қанын қиған жаужүрек бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыруда.

Байтақ жеріміздің, бейбіт еліміздің тыныштығын қас қақпай күзету – қашанда мерейлі мәртебе, асқақ абырой.

Халық өмірінде орын алып жататын оқыс оқиғалар кезінде өз басын қатерге тігіп, ажал аузында қалған кез келген адамның өмірін құтқарып қалу да ерлік, қаһармандық болып табылады. Халықтың бас амандығы мен мүлкін түрлі заңсыздықтардан қорғауды міндетіне алған қазақстандық полицияның, ішкі істер органдарының орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Тәелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аймағымызда қызметтік міндетін өтеу барысында қайсарлық танытып, ерлік жасаған тәртіп сақшыларын көпшілікке таныстыру, олардың ерен істерін өзгелерге үлгі ету мақсатында «Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акция өтілуде.

Республикалық акция №25 жалпы орта білім беру мектебінде 11 қараша күні өтті. Кездесуіміз елін қорғаған намыс туын биікке желбіреткен қаһармандарымызға арналды.

«Қазіргі заман қаһарманы» атты республикалық акцияға Талдықорған қаласы, Алматы облысының Ішкі істер Департаментінің полиция лейтенанты, жол - патрульдік полициясының жергілікті полиция қызметінің взвод командирінің орынбасары Алпысбеков Серікбек Олжабайұлы, Талдықорған қаласы Алматы облысының Ішкі істер департаментінің полиция сержанты Алиев Мақсат Артықбайұлы, Тараз қаласының ішкі істер басқармасының Полиция капитаны, полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Заурбек Данияр Мәскеубекұлы, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Алматы қаласының мамандырылған күзет қызметі басқармасының полиция сержанты Картбаев Нұрсұлтан Айдынғалиұлы қатысты.

Алғы сөз Талдықорған қаласы, Алматы облысының Ішкі істер Департаментінің полиция лейтенанты, жол - патрульдік полициясының жергілікті полиция қызметінің взвод командирінің орынбасары, Алпысбеков Серікбек Олжабайұлына берілді. Полиция қызметкерлері өз бастарынан

кешкен оқиғаларды айтып, оқушыларға өз елінің патриоты болуына тілек білдірді.

Тәуелсіздігіміздің іргесі мықты болуына бірден - бір себепкер – Қазақстанның ішкі істер органдары мен ішкі әскердің қызметкерлері.

Келген қонақтарға оқушыларымыз ерен ерліктері үшін алғыстарын білдіріп, акциямыз концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бүгінге дейін ішкі істер органдары мен ішкі әскердің 877 қызметкері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Сан түрлі қауіптен азаматтарды құтқарып қалған бейбіт күннің қаһармандарына қошемет пен құрметтің қай-қайсысы да лайық.

Ең бастысы, ерлері барда ел рухы еңкеймек емес. Құрметті полиция қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

Дендерінізге саулық, отбасылырыңызға береке, бірлік тілейміз.

Халқымыз ерлікті ерекше бағалайды. Сіздердің ерен ерліктеріңізге бас иіп, тағзым етеміз.

Сіздердің жасаған ерліктерінізді, жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды.

Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

Отанымыз тыныш, жұртымыз аман болсын.

ТЖДО Каппасова А.Б.