«Оқушылардың мектепке бейімделуі»
2016 жылдың 28 қазан күні № 25 жалпы орта білім беру мектебінде І тоқсан қорытынды ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы: «Оқушылардың мектепке бейімделуі». Ата-аналарға жаңартылған білім беру мазмұны бойынша түсінік берілді. Топпен жұмыс жасау арқылы ата-аналар бір-бірімен жақын танысып, пікірлерімен бөлісті. Ата-ана балаға жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында, бірнеше қатар кеңестер берілді. Жиналыстың соңында, ата-аналар, оқушының сынып өміріне және ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ата-аналар мектеп психологпен және пән мұғалімдерімен кездесті.
1 «В» сынып жетекшісі: Бектасова А.Ж.