Павлодар облысында Ертіс өзені екінші рет тасуы мүмкін
Павлодар облысында Ертіс өзені екінші реет тасиды деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Bnews.kz. ‘Өңірдегі жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Динара Әліпованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан мәжбүрлі түрде су босатуға Қытай жеріндегі Қара Ертістің арнасынан шығуы себеп болған. Еске сала кетейік, ШҚО-дағы су қоймаларының Жоғарғы Ертіс каскады құрамында Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі нысандары бар. «Бүгінгі жағдай бойынша Шүлбі су қоймасына тәулігіне орташа есеппен секундына 2500 текше метр су жиналады. Қытайда жауын-шашын көп түскендіктен, судың шығыны көбейген. Сол себепті Бұқтырма су қоймасы лық толды деуге болады. Қазіргі таңда аталған нысандағы су көлемі 49 404 текше метрге тең. Яғни, жобалық қуаттылығына сәл жетпей тұр», - дейді Д.Әліпова. Сала мамандарының айтуынша, мәжбүрлі су босату жұмыстары 21 маусымда басталды. Осылайша, бүгінге дейін секундына 3 мың текше метр су ағызылып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс бассейні инспекциясының мәліметінше, мәжбүрлі су босату 2 шілдеде аяқталуы тиіс. Ертістің су деңгейі 700 сантиметрге көтеріледі. Павлодар қаласының жағажайы да су астында қалмақ.’ Осы фактілерге негізделіп, мектеп хабарлайды: - Бүгінгі күнде ашық сулар қауіптілік көзі, осыған байланысты суда жүзу кезінде абай болу орынды.
- Мектеп сайтында 2016 жылдың 29 маусым күні жарияланған «Судағы қауіпсіздік ережелері» атты мәліметті мұқият оқып, сақтаңыздар.