«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінде 25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Ардақ Қайырлыұлы Торсықбаев және қалалық білім беру бөлімнің басшысы Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаева құрметті қонақ ретінде қатысты. Салтанатты жиын
«Балбырауын» күйімен ашылды. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында тұспа-тұс келіп отырған түлектерге Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Ардақ Қайырлыұлы Торсықбаев құттықтап, сәт-сапар тіледі. Салтанатты жиын патриоттық рухта барлық талаптарды сақтай отырып, тақырыпқа сәйкес құнды өтті. Ата-аналармен оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.