«Интернет: жағымды және жағымсыз жақтары» атты дебат.
Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында «Интернет: жағымды және жағымсыз жақтары» атты 9 сыныптар арасындағы дебат өткізілді. Қатысқан оқушылар: жүргізуші – 1, 6 оқушы дебатқа түсті, спикер – 1, көрермендер – 130.
Қорытынды нәтижесінде: қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» қағидатын ұстана отырып, алдағы уақытта оқушылардың жан-жақты білімді болуына және жаңа техникалық ақпараттарды жете меңгеру мақсатында болуы шарт.