Нархоз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық қызмет жөніндегі проректорі Виктория Цай №25 ЖОМ Павлодар қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіді.
Университет туралы мәлімет берді: Жоғары оқу орнының негізі 1963 жылы қаланды және экономика саласында жоғары білікті мамандар дайындау бойынша Кеңес Одағындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналды. Бүгінгі күні Нархоздың түлектері бизнесте, мемлекеттік қызметте және кәсіпкерлікте елеулі лауазымдар иеленіп отыр. Қазіргі таңда Нархоз Қазақстан мен Орта Азия аймағындағы жетекші инновациялық университеттердің бірі болуға ұмтылып отыр. Университет өзінің академиялық бағдарламалары мен оқыту әдістеріне, студенттік өмірі мен инфрақұрылымына жан-жақты ықпалын тигізетін теңдесі жоқ іргелі реформалар кезеңінде тұр. Біздің мақсатымыз – экономикалық дағдарыс кезеңінде де оқыту мен инновациялар саласында көшбасшы орталығы атану. Нархоздың дипломы – бұл қолжетімді баға бойынша ең үздік сапа, мазмұнды студенттік өмір және Қазақстанда жемісті жұмысқа орналасудың жарқын келешегі.
Оқушылар зейін қойып тыңдап, өздеріне қажетті мағлұмат алды. Қызығушылықтары оянған оқушылар сұрақтар қойып, проректордың өзінен нақты тікелей жауаптар алып, мамандық таңдау көмегі көрсетілді. Кейбір оқушылар кездесу соңында жекелей әңгімелесті.