«Қош келдің, құстар елі!»
№25 орта мектебінде «Қош келдің, құстар елі!» атты оқушылардың қолөнер көрмесі өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын біздің қанатты достарымызға арнап жасаған. Көрмеде саз ермектен жасалған ғажап тауыстар құстарын, ерекше фантазиямен орындалған құстар ұяларын, қағаздан қиылған аққуларды көруге болады. 7б сынып оқушысы Рахымқожаева Әдемінің «Құстар әлемі» тақырыбындағы панно аса көркемді болды. Мектеп оқушылары және ата-аналар көрмені қызықтап тамашалады.