7 сынып ата-аналарына арналған дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі»
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтарға түсінік беру.«Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы атты онкүндік іс-шараларға байланысты Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдулина Айнур Шаймуратқызы 7 сынып ата-аналарға арналған дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді. Дөңгелек үстелге қатысқан ата-аналар алғыстарын білдіріп, жағымды әсерлерімен бөлісіп, көп тәлім алғандары үшін шын жүрекпен ризашылықтарымен бөлісті.