Қош бол, құтты әліппе!
22-23 желтоқсан күндері 1-ші сыныптарда оқушыларының алғашқы оқулықтары – әліппемен қоштасу кеші өтті. Балалар өздерінің білімдерін ортаға салып, тамаша өнерлерін көрсетті. Болашаққа жол ашқан әліппе балалардың алдағы уақытта білімдерін шыңдауына жетелей берсін. Білім нәрін сусындатып, алғашқы әліппені қолдарына ұстатқан мұғалімдеріне ұстаздық жолында жалықпай, биік белестерге жете беруіне тілектеспіз.