Желтоқсанның 21 күні №25 ЖОМ-да мектеп оқушыларының 54-ші қалалық пәндік олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы «Қазақстан – 2050» стратегиясында айқындаған заманауи білім беру саласындағы жаңа саяси бағыттар қатарында «Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу керек. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп аталған. Осыған орай мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тектерінің бірі болып саналатын және аталмыш Ұлттық жоспарды іске асырудан күтетін нәтиже ретінде пән олимпиадасы республика көлемінде ұйымдастырылып өткізілді.
№25 жалпы орта білім беретін мектептің жеңімпаздары:
№ р/с | Оқитын сыныбы | Оқушының аты-жөні (толық) | Пәні | Орындар | Мұғалімің аты-жөні |
1 | 9 | Ахметжанова Софья | Қазақ тілі | ІІІ | Теміржанова Меруерт Әсетовна |
2 | 9 | Канат Інкәр | Ағылшын тілі | ІІІ | Ермагамбетова Нурсулу Умирзаковна |
3 | 9 | Шакенова Карима | Орыс тілі | ІІІ | Бегежанова Акмарал Еркинжасовна |
4 | 10 | Биржанова Ляйля | Орыс тілі | ІІІ | Бегежанова Акмарал Еркинжасовна |
5 | 11 | Ахмет Айзере | Орыс тілі | ІІ | Хамитова Нагима Мукатаевна |
Шығармашылықтарын одан әрі дамып, биік белестерден көріне беріңдер!