10-шы сынып ұлдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінде әскери дайындықтарын өткізді
Шарбақты ауданы Шарбақты ауылындағы «Орман ертегісі» демалыс үйі ЖШС базасында 2015 жылғы мамыр айының 14-20 күндері аралығында мектептің 10-шы сынып ұлдары қорғаныс-спорттық сауықтыру лагеріне (ҚССЛ) барып, әскери дайындықтарын өткізді. Барлық іс-шараларға белсенді қатысып, келесі мадақтамаларға ие болды: - «Өзіңді сына» атты әскери-спорттық жарысында №25 ЖОМ «Метание гранаты» кезенінің жеңімпазы атанды;
- «Өзіңді сына» атты әскери-спорттық жарысында «Үйге хат» кезеңінде Оразалин Ерсінбек жеңімпазы болып атанды;
- 2014-2015 оқу жылындағы қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінде концерттік бағдарламаға белсенді қатысқаны үшін № 25 ЖОМ оқушылары Қабдығали Даулет, Дюсен Алдияр, Ишмурдинов Еділ мадақтамамен марапатталды;
- 2014-2015 оқу жылындағы қорғаныс спорттық сауықтыру лагерінде 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден ІІІ орынға ие болғаны үшін № 25 ЖОМ оқушысы Қалиев Рамазан марапатталды.
