Наурыз мерекесіне байланысты 2 сыныптар арасында «Әке, ана және мен» отбасылық сайысы.
25 наурыз күні 2 сыныптар арасында отбасылық сайыс өтті. Әр сыныптан бір команда құрамында әкесі, анасы және баласы қатысты. 2 «А» сынып – «Сұнқар», 2 «Б» сынып – «Жас ұлан», 2 «Г» сынып – «Тұлпар», 2 «Д» сынып – «Достық» атты 4 команда қатысты. Сайыс 10 кезеңнен тұрды. Команда мүшелері белсенді қатысып, жарыс өте қызықты және тартысты өтті. Әр сынып оқушылары мен ата-аналары жанкүйер болды. Сайыс жеңімпаздары анықталып, «Мақтау қағаздарымен» марапатталды: І орын – 2 «А» сыныбы, ІІ орын – 2 «Б» сыныбы, ІІІ орын – 2 «Д» сыныбы. Қалған отбасылар әртүрлі номинациялармен марапатталды. Ұйымдастырушы ұстаздар: Алашпаев Ж.А., Омаров С.Т.