Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«XVIII Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары»
05-04-2017 09:12
«XVIII Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары»

Наурыз айының 16 күні №35 мектепте өткен «XVIII Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы оқулары» біздің білім ордамыз үшін жемісті болды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып сайдың тасындай дайындықпен келген оқушылар сайысы әсерлі болды.
Қазақтың бас ақынын ұрпаққа ұлықтау мақсатында өткізілетін дәстүрлі «Абай оқуларында» сан түрлі секциядан құралған сынақтар болды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» секциясында ақындық өнерге таласы бар оқушылар сынға түсті. Аталған сайыста мектебіміздің 8«а»-сынып оқушысы Дамира Тусупбекова оқ бойы озып шығып, бас жүлдені иелене отырып, облыстық сайысқа жолдама алды. Жетекшісі – Назира Ерғалиқызы Жангабулова.
«Көңілім әнді ұғады» секциясында 6«г»-сынып оқушысы Ахметжанова Шолпан Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындап, дипломға ие болды. Дайындаған мұғалімі – Мұхаметжанова Лаура Жайлаубекқызы болатын.
Елдана Бақытқызы Асанбаеваның дайындаған оқушысы Бекмұхамбет Гүлзат «Адамдық борышың...» секциясында ІІ орынды қанжығасына байлады.
Осындай сыны мен сыйы қатар ұсынылған қалалық «Абай оқулары» қара шаңырағымызға өзіндік жемісін берді. Облыстық сайысқа жолдама алған оқушымызға ақ жол тілейміз.

Еркебұлан Асылбаев
№25 ЖОБМ-нің мұғалімі