Сәуірдің шуақты күнінде 5 «А» сынып оқушылары Баширова Асель, Жамалиден Аяна, Байгожина Сабина, Махметова Дильназ «Энергетик» санаторийына өз шығармашылықтарын көрсетіп, барып шықты. Ұстаз ардагерлердің көңілдерін көтеру үшін оқушылар мұғалім Сабитова Айнагүл Тулегеновнамен бірге «Отбасы әнұраны», «Пока мы молоды» әндерін шырқады. Айнагуль Тулегеновна «Хуторянка» әнімен көрермендердін көңілінен шықты. Қазақстан халықтардың Бірлік күніне орай Махметова Дильназдын орындауында көрермендер өзбек биін тамашалады. «Сенім жүрегі» ойынына да жақсы қатысып, көрермендер оқушылармен өз құпиялармен бөлісті. Концерттің соңыңда оқушылар үлкендерден бата алды. Кәсіподақ ұйымының жастар бөлімінің төрағасы Ернар Сейтқалиұлы Иманбаев көрермендерге алғыс сөзін айтты.
«Жүрек сенімі»