1маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні.
1маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні. Осы атаулы күнге байланысты Павлодар қаласының орталық жағажайында шеру ұйымдастырылды. Шеруге облысымыздың түкпір-түкпірінен келген, қалалық және мамандандырылған мектептерден 100-100 оқушыдан қатысты.
№25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары да бұл іс-шарадан тыс қалған жоқ. Көз тартарлық ұлттық киім киген 50 ұл мен 50 қыз бала халқымыздың ұлттық аспабы домбырамен қазақтың «Жастар» күйі әуенінің ырғағымен мың бұралып би биледі.
Өздерінің өнерге деген құрметі мен іс-шараға жауапкершілікпен қатысқан оқушыларымыз ерекше көзге түсті. Ұл-қыздарымызға алғысымыз ерекше. Мың жасаңдар!!!