Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Мекенжайы: Майра көшесі, 49/1 үй
тел. 62-78-01
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16:00-18:00 Жұма: 10:00-13:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Тұңғыш Президент күніне орай өткен турнир
30-11-2017 12:53
Тұңғыш Президент күніне орай өткен турнир

Тұңғыш Президент күніне орай өткен турнир

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы – қасиетті, аталы сөз,
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.

1 желтоқсан – Президент күні. Бұл - бүкіл мемлекет болып аталынып өтілетін күн. Осыған орай №25 жалпы орта білім беру мектебінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Солардың бірі – бүгінгі күні ардагерлер мен оқушылар арасында өткізілген шахматтан турнир.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басты бағытының бірі ретінде атап көрсеткені бәрімізге аян. Бағдарлама аясында биыл қаламыздың барлық мектептерінде спорттық кешендегі шахмат кабинеттері ашылып, жұмыстарын бастап кетті.
«Шахмат – тек спорттық ойын емес, сонымен қатар адамның ақыл ойының көрінісі», - демекші өскелең ұрпақ пен аға буын ардагерлер арасында өткен турнир өте қызықты да тартымды болды. Турнирге қатысқан мектебіміздің ардагер қонақтары Зияшев Қайыркеш, Абдинасиров Мажит, Шарипов Мажит, Бөлекбаев Ерлан, Бергенов Мұхамедқали, Шамкенов Ернар, Сипатов Айтуған оқушыларымыздың ойынына тәнті болды. Өздерінің тартымды ойынымен көзге түскен Марат Әділ, Карибай Санжар, Смаилов Әлимжан, Теміржан Мағжан, Шестаев Арслан, Абельдинова Зарина, Тлектесова Дильназ, Женіс Асанали сияқты оқушыларға ардагерлер өз ризашылықтарын білдірді.
Өскелең ұрпаққа үлгі боларлық, тәрбиелік мәні зор бұл іс-шараға ардагерлерді ұйымдастырып, қатысуларына мұрындық болған ардагерлер кеңесінің төрайымы Алибаева Назым Жұмабекқызына айтар алғысыз шексіз.