«Елдің туын желбіреткен – Елбасы»
2017 жылдың 30 қараща күні Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім беру мектебінде президент күніне арналған «Елдің туын желбіреткен – Елбасы» атты дөңгелек үстел шарасы өткізілді. Шараға 7, 8, 9 сынып оқушылары қатысты. Елбасының дара жолы туралы 7 сынып оқущылары Елбасының өмірбаяны, қызметтік жолына, отбасына өздерінің слайд бойынша жеке тоқталып өтті. Ал 8 сынып оқушылар Елбасымыздың ата-анасы, атқарған қызметі туралы, еңбектерін атап өтіп, буклет дайындады. 9 сынып оқушылары көрермендер мен қатысушыларға Елбасы жайлы қызықты мәліметтермен, сұрақ-жауап дайындап, сонымен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме туралы өздерінің саяхаттары жайлы фотосюжеттік баяндама жасады. Дөңгелек үстелдің қорытындысы ретінде әрбір қатысушы Елбасы мен халқымызға арналған ақ тілектерімен аяқтады.
Ұйымдастырған: тарих пәні мұғалімдері