2018 жылдың 15 мамыр күні № 25 жалпы орта білім беру мектепте «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектебімізде ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш-жігерлерін біріктіру мақсатында өткізілген жиналысқа 1708 ата-ана қатысты. Жиналысқа шақырылған қонақтар Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің ректоры, профессор Алтынбек Нұхұлы және Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бас редакторының орынбасары Аяғанов Мұрат Капанұлы қатысты.
Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар өз сұрақтарына нақты және толық көлемде жауап алды деп айта аламыз.