Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182) 65-55-93 87057317592
email: sosh25@goo.edu.kz
Адрес: улица Майры, 49/1
тел. 62-78-01
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16:00-18:00 Пятница: 10:00-13:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жоғары сынып оқушылары арасында психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуы бойынша ақпараттандыру іс-шаралары
10-01-2019 09:12
Жоғары сынып оқушылары арасында  психобелсенді заттарды қолданудың алдын алуы бойынша ақпараттандыру іс-шаралары

Балалардың есірткіге тәуелділігі мәселесі біздің қоғамда өте өзекті тақырып. Жасөспірімдердің психобелсенді заттарды тұтыну проблемасын айтпау жағдайды ушықтырады, себебі заманауи есірткіге тәуелділік аз уақыт ішінде қалыптасады.
Заманауи есірткілерді екпейді, оларды шегеді немесе иіскейді. Сәйкесінше, жасөспірімдер миында «мен ине салмаймын (екпеймін), демек мен нашақор емеспін» деген психологиялық тосқауыл алынады. Есірткілердің көбі шағын зертханаларда синтезделеді, табиғи психобелсенді заттарға қарағанда олардың әсері едәуір күшті, ал уытты (токсинді) әсері және тәуелді болуы барынша қатты байқалады. Оның шамасын (мөлшерін) есептеу қиын, сондықтан салдары шамадан тыс қолдануға әкеп соғады. Жаңадан шыққан есірткі түрлерінің жоғары қауіптілігімен қатар алдын алу жолдары бойынша оқушыларды ақпараттандыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларына «Замануи есірткілер түрлері, қауіпі мен салдары», «АҚТҚ/ЖҚТБ-дан сақтан!» атты дәріс тақырыптары слайдтар көмегімен жүргізілді. Жауапты: мектеп психологі Ж.Б.Ордабаева, СӨС үйлестірушісі Қожабаева Г.Б. Оқушыларға ақыл-кеңес, ұсыныстар беріліп, буклеттер таратылды.