Тақырыптық сабақтар.

Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Қыстан аман шыққан халық Наурызды асыға күтеді. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида. Осыған орай бүгін балабақшамызда наурыз мерекесіне байланысты тақырыптық сабақтар өтті.