Сенім телефоны
8(7182)671065
email: Sad120@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шокин к. 40 т. 67-10-65, 67-10-45
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - 15.00 - 17.00
Инновациялық қызмет

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану - ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.


Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.

Инновацияны қолдану дегеніміз- инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көз қараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.

    Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:
«Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.
-Жобалы-іс шығармашылығы.
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
-Қатынастық-ақпараттық технология
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.
-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.
-Ойын технологиясы.
-Триз технологиясы және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясы.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:
-Мектепке дейінгі мекемелермен.
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.
-Балалардың денсаулық көрсетілімі.
Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

Жобалау шығармашылық технологиясы.
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар 
(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) 
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. 
«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері» 
Басымдылық әдістемесі бойынша.
-Іздену.
-Ақпаратты.
-Шығармашылық.
-Ойындар.
-Болған жағдайлар.
-Практикалық бағыттаушы.
Мазмұны бойынша төмендегідей:
-Баланы және оның отбасын қатыстыру
-Бала және табиғат.
-Бала және қоршаған әлем.
-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.
.Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша:
-Тапсырыс беруші.
-Іс-тәжірибе.
-Орындаушы.
-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар.
Байланыс сипаты бойынша.
-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады.
-Басқа топтармен байланыс.
-Мәдени мекемелер.
-Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау)
Қатысушылар саны бойынша:
-Жеке
-Жұппен
-Топпен
-Жаппай
.Ұзақтық мерзімі бойынша.
-Қысқа мерзімді
-Орташа ұзақтылық.
-Ұзақ мерзімді.
Ізденіс-шығармашылық технологиясы.
Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту.
Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.
Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.
-Шығармашылық.
-Эверистикалық әңгімелер
-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.
-Бақылау.
-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)
-Тәжірибелер.
-Қорытындысына баға беру.
Бақылау,тәжірибе,эксперименттер,еңбек іс-шаралары.
«Жүктеу»бояуға,дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.
-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.
-көркем сөздерді қолдану.
-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары.
-еңбек ету
Ақпараттық –қатынастық технологиясы
Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды:
Міндеттері:
-жаңа заманға қадам басу
-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.
-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру.
Бағдарламаны жіктеу
-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
-шет тілінде сөйлейтін сөздік
-қарапайым графикалық редактор
-ойын-саяхаттар.
-оқуды, математиканы үйрету

.Описание: http://aigul.skom.kz/images/stories/news/news_040.png

 

Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.

Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған. 
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.

 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.

 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) 
-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады) 
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу
-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады.
«Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет.Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып
Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады.
Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын мсеуіп оның үстіне керемет
бейнелер жасауға болады.Алақанды бояуға батыру арқылыбастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады.
 

Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды.
Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.
Қорытынды : Мен өзімнің баяндамамды қорытындылай келе «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» Чарльз Диккенс деген сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз , өз қолымызбен , өз қиялымызбен жасай білейік. Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!

Қазіргі заманда жиі кездесетін  технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:

Технологиялар атауы

Авторлары

1

Саралап деңгейлеп оқыту

Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.

2

Модульдік оқыту технологиясы

Жампеисова М.М.

3

Дамыта оқыту технологиясы

Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.

Давыдов В.В.,Зайцев В.

4

Проблемалық  оқыту технологисы

Монахов М.

5

Ірі блокпен оқыту технологиясы

Шаталов, Эрдниев П.М.

6

Жобалау әдістемесі

Дж. Дьюи

7

Сын тұрғысынан ойлау

Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл

8

Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)

Жүнісбеков Ә.

9

Алдын-ала оқыту технологиясы

Лысенкова А.

10

Тұлғалық гумандық технологиясы

Амонашвили Ш.

11

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)

Нұрахметов Н.Н.

Абдығалиев К.А.

12

Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы

Ғалиев Т.Т.

13

Интерактивті оқыту технологиясы

Я.А. Каменский

 

Жаңа технологияларды еңгізу барысында мұғалімнің даярлығы мен жаңаға оқыту мазмұны жайында білгені жөн:

Мұғалім нені білу керек?

Мұғалім не істей алуы керек?

Мұғалім қандай іс-әрекеттреді дұрыс ұйымдастыру керек?

1.  Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселелерді;

2.     Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;

3.     Жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;

4.     Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді;

5.     Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдәсән;

1.  Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру:

§   Дамыта оқыту бағытында;

§   Модульдік курс үшін;

§   Әлеуметтендіру бағытында

§   Ұжымдық жүйедегі оқыту;

§   Басқа технологиялар үшін;

2.              Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау.

3.       Әр сабақты жоспарлау.

4.       Жаңа технология бойынша жүргізілетін әр түрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.

5.       Оқу модулін құрастыру.

6.       Модуль бойынша оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалды дайындау.

7.       Модульдерге байланысты оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыру.

8.       Оқушыларды топтық жұмыс үшін берілетін тапсырмаларды дайындау.

9.       Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.

10.  Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

1.  Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдану.

2.  Әртүрлі типтегі сабақтарды өткізу.

3.  Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.

4.  Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйрету.

 

«Инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері».

 

Қазіргі  заман  ағымы  болашақ ұрпақтың ой  - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған  алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.

 Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты.  Ж.Аймауытов « Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деген, яғни оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап көрсеткен.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы.

Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім.

Жаңа нәтижеге бағытталған білім — инновациялық білім. Құзіреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .

Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ендеше,осы міндетті орындауда инновациялық технологияны қолдану — өмір талабы.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация

 

– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

 

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек - схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

 

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

 

Сын тұрғысынан  ойлау технологиясы.

 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше.

 

 Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж. Пиаже  Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сын тұрғысынан  ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

 1. Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу.

 2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

 3. Проблеманы шеше білу.

 4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

 

Сын тұрғысынан  ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

 1.  Әдіс түрлері.

 2.  Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы

 3.  Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.

 4.  Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

 5.  Топтық тұжырымға келе білу.

 6.  Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

 

Блум  таксономиясы  бойынша  сабақ  жоспарлаудың  мұғалім құзырлылығын  арттырудағы  ролі.     Т.Нақыпов.

Оқушы бойында құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған деңгейлер: Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6 (АЛТЫ) деңгейге бөледі :Бірінші деңгей «БІЛІМДЕР» – мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады .Екінші деңгей «ТҮСІНУ»  – мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьеризацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады   .Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ  үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады.  Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады . Бесінші деңгей «СИНТЕЗ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады. Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.

Баяндаманы қорытындылай келе,

Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

                     Ұлы мұғалім – шабыттандырады.                     

Уильям УОРД.

 

ҰСЫНЫС:

1.     Білім берудің  инновациялық педагогикалық технологияларын басшылыққа алу.

2.       Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  /  АКТ/ -ның,  визуалды бағдарламалардың  тиімді  жақтарын сабақ үрдісінде пайдалану.

3.     ПАБ – ты , өзара  тәжірибе алмасуды  жандандыру.