Балабақшамыздың төңірегінде «
Этнопедагогика элементтерін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қатынастарын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар 4 бөлімнен тұрды 1. Балабақшамен танысайық. 2. Ашық сабақтар. 3. Педагогикалық шеберлік. 4 Рефлексия. Бұл семинардың мақсаты мектепке дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Семинарға қала бақшаларынан 50 тәрбиеші қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Келген тәрбиешілер ашық сабақтарға қатысып және тәрбиешілермен практикалық түрде жұмыс жүргізілді. Психолог тренинг өткізді. Семинар соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ұжымға алғыстарын айтып жатты.