"Қош бол балабақша"
Балабақшамыздың даярлық топтарында «Қош бол балабақша» атты қоштасу ертеңгілігі өткізілді. Биыл бақшамыздан 3 даярлық тобы шығады. Балалар ән, би , сценка. тақпақ айтып апайларына алғыстарын білдірді. Бүлдіршіндерімізге сәт сапар тілеп мектепте тек жақсы жақтарынан көріне берсін дегіміз келеді.
