«Бүгінгі балғын бөбек – ертең ғалым...»
Кереку орын тепкен Сарыарқадан,
Сан ұлт бар бір-біріне бауыр басқан.
Көркейген әсем қала, таза қала,
Өмірге руханиятпен алға басқан.
Тарихын 80 жылдық, асыл қалам,
Өзіңнен шыққан шыңға талай данаң.
Бүгінгі балғын бөбек- ертең ғалым,
Болады деп болашақта мен айтаалам.
Қазақия «Мәңгілік Ел» мемлекетінің болашақ жас балдырған №120 балабақша балалары Павлодар аймағының 80 жылдығына орай Павлодар облыстық көркем сурет мұражайы ұйымдастырған « Менің Сарыарқа самалым» атты қолдан жасалған макеттер, салынған суреттер көрмесіне қатысып , сертификаттармен марапатталды. Балалар ата-аналарымен бірігіп көрікті бұйымдар,Павлодардағы ең үлкен сағатын, Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітін, Павлодар облысының картасын жасап, «Ертіс жағасы» атты витражды суретін салып көрмеге әкелді.
Бас қала Астананың 20-жылдығына орай Көркем сурет мектебі ұйымдастырған «Мен әлемді бейнелеймін» атты Х қалалық балалар суреті көрмесіне де балабақша балалары белсене қатысты.Олар: Сайлаукен Диляра, Медіғат Елжан, Мұрат Алихан, Мукушев Муслим, Рахимжанова Аделя, Какабаев Нұрәлі, Рамазанова Нұргүл, Инербаев Аршат, Сарсенбинов Аслан . Осы көрмеде Медіғат Елжан мен Сарсенбинов Аслан жүлделі орындарға ие болып, еңбегі сіңген Қазақстан республикасының атақты суретшісі Ерсін Каскиевич Такербасовтың қолынан мадақтама қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.№120 балабақша тәрбиенушілерінің бала жүрегі үлкен қуанышқа бөленді.Балалар өздерінің шығармашылықтарында Отанға, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін бала ойымен білдіріп қуантады.
Балалардың өнерге деген ерекше көзқарасын, дарындылығын анықтап табу және әрі қарай дамытуға осындай іс-шаралар көмек көрсетеді. Кішкентай балаларды қуантып, олардың өнерлерін тамашалап, көңіл бөліп жыл сайын осындай көптеген іс-шараларды ұйымдастырып отырған Облыстық көркем сурет мұражайының ұжымына және №1 көркем сурет мектебінің ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Еліміздің болашағы- жас өркен балабақша балалары десек артық болмас еді.
Астана Қазақия ел Ордасы,
Мәңгі елдің қазақ деген Орда басы.
Төріңде Бәйтерегін нұрланады,
Әлемге сәуле шашып шұғыласы.
Тарихың 20-жылдық жас қаласың,
Қазаққа нұр төгетін бас қаласын.
Төсінде Сарыарқаның мәңгі гүлдеп,
Ойымен Ел басынан астасарсың!
№120 балабақша
бейнелеу пәнінің мұғалімі:
Г.С. Кайдарова
