"Күзгі қиялдар" көрмесі
Күз - таңқаларлық мезгіл! Бау бақшаларда бай жеміс - жидек, көкөністерді жинайтын кезең. Бақшаларда дәмді жемістер піседі, орман адамдарды өзінің байлығын тарту етеді және өзінің әсемдігімен көңіл қуантады. Күз - өзіңнің шығармашылығынды байқататын және қияли ойдың дамитын уақыты. 2-ші 5-ші қыркүйекте сәбилер бақшасында "Күзгі қиялдар" атты жеміс-жидектер мен қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі болып өтті. Онда әр түрлі фигуралар, композициялар және таныс мультфильмдердің кейіпкерлері ұсынылды.
Бұл көрменің ұйымдастырушылары - топтардың тәрбиешілері, ата-аналар, балалар. Кәдіден, бұрыштан, асқабақтан, баклажаннан, кәртөптен, сәбізден, қиярдан, орамжапырақтан және қызылшадан жасалған бұйымдар келушілерді қызықтырып, қиялдан жасалған бұйымдар екендігіне көздерін жеткізді. Балалар үйде ата-аналарымен қолдан жасалған бұйымдарды қалай ойлап тауып, оны қалай жасағандарын үлкен ыждахаттықпен әңгімелеп берді.
Ата - аналарға, педагогтарға және балаларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
