АТТЕСТАЦИЯҒА ДАЙЫНДАЛАМЫЗ

8 желтоқсанда аттестатталатын педагогтар қаланың педагогтары үшін ашық сабақтар өткізді. М.П.Дискант «Өз қолынмен ғажайыпты жаса» — қағаздан құрастыру оригами техникасымен даярлық тобында ықпалдасу сабағын өткізді. Балалар өз еңбектерінің нәтижесіне қуанышты болды.
А.С. Шалғымбаева «Қысқы орман» мүсіндеу арқылы торцелау техникасымен ересектер тобында сабақ өткізді.
9 желтоқсанда А.А.Луценко «Математика еліне саяхат» ҚМҰҚ бойынша ересектер тобында сабақ өткізді, онда балалар геометриялық фигураларды бекітіп, 5 санына дейін санады, есептерді шығарды.
Ересектер «Б» тобында тәрбиеші Г.Т.Жақсылық жаңа жылдық шыршаны безендіруге қағаздан гирлянды құрастырды.