ЖАЗҒЫ ЕРМЕК – ОЙЫНДАРЫ
Жаз – барлық балалар үшін ұзақ күткен және ең сүйікті жыл мезгілі, ауа – райының жылы күндері уақытты күн бойына далада өткізуге болады. Мектепке дейінгі мекеменің жазғы кезеңдегі жұмысындағы маңызды сауалдардың бірі балалардың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.Балалардың бос уақытын ұйымдастырудың оңтайлы түрі ойын болып табылады. Жаз мезгіліндегі біздің балабақшаның балаларының өмірі көңіл көтеруге және күлкі мен ойындарға толы. Эмоцияға толы өмірді ұйымдастыру үшін педагогтар жайлы жағдайды жасайды, балалар ұмытылмастай әсер алады және ойыннан құрдастарымен жаңалық ашады.
