«ПОНИ» халықаралық турнирі

Балабақшада «Речецветик» кезеңі бойынша марапаттау салтанатты жиыны болып өтті. «ПОНИ – мектепке дайындал!» халықаралық конкурсы.
«ПОНИ – мектепке дайындал!» халықаралық конкурстың ұйымдастыру комитеті комиссиясының шешімі бойынша «Речецветик» кезеңіне қатысқан балабақшаның ересектер және даярлық топтарынан 11 баланың ішінен - Айзере Рамазан, Арнұр Кабыкаев, Айна Жаукенова жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, тәрбиешілер Динара Баянбайқызы Бекенова, Мақпал Сәрсенқызы Хасенова жүлдегерлерді дайындағаны үшін дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен әрі қарайғы жеңістерді тілейміз!!!