Сенім телефоны
8(718)254-93-56
email: sad82@goo.edu.kz
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718)254-93-56 - басшы 8(718)265-43-16 - бухгалтерлік есеп 8(718)254-93-62 - ауысым
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00- 18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қызықты адамдармен кездесу
12-03-2018 14:18
Қызықты адамдармен кездесу

12 наурызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде № 82 сәбилер бақшасындағы даярлық топтың балалары қазақстандық шаңғыдан – спорт шеберімен кездесті. Балаларға қонаққа Универсиада – 2017 алтын, күміс, қола медальдарының иегері, Олимпиадалық ойындар – 2018 қатысушысы, біздің түлек Анна Шевченко келді. Қонағымыз сүйікті спорт түрі туралы, өмірде спорттың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Біздің «сұрақ қойғыштарды» оның шаңғыны ұнатқандығы, тәрбиешілерді және мұғалімдерді тыңдағандығы, ең үлкен медальды қай жарыста ұтып алғандығы қызықтырды.
Балалар оның балалық шағында шаңғымен сырғанауды жақсы көргендігін, онымен шұғылдану үшін мықты және күшті аяқ болу керектігін, жақсы тыныс алу, төзімділік керектігін білді. Осының бәрі болуы үшін, күн тәртібін қадағалау, дұрыс тамақтану, таңертеңгілік гимнастика жасау, жаттығуды босатпау, ата – ананы тыңдау, жаттықтырушының нұсқаулығын орындау қажет. «Барлық менің марапаттарым, медальдарын көрсете отырып Анна Викторовнаның айтқаны, маған оңай тиген жоқ, басқа спортшылармен ауыр күресте жеңіп алынды».
Соңында балалар ыждаһаттықпен спортшының медальдарын өлшеп ұстап көрді. Бұл кездесу балалардың, педагогтардың жаппай оң эмоциясымен, ду қол шапалақтауын тудырды. Кездесудің соңында Анна Шевченко VII қысқы Универсиада – 2018 ұтып алған медальын балаларға сыйлады және балаларға спортта табыс пен денсаулық тіледі!