Келісім мен бірлік, достық хороводы!
Балабақшада «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған мерекелік ойын – сауық өтті. Балалар әр түрлі халықтардың мәдениетін, олардың ойындарын, билерін, әндерін ұсынды.
Барлық халықтардың достығы мен бейбітшілігі туралы тақпақтар орындады. Ашық түсті ұлттық костюмдер мерекені жайната түсті.



