БІЛІМ КҮНІ
Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, шексіз қуаныш, амандық және шығармашылық табыстар тілейміз. Жаңа оқу жылы баршаңызға тек қана оң эмоциялар әкелсін. Бүгін біздің балабақшада Білім еліне саяхат атты мереке өткізілді. Балалар тапсырмаларды орындай отырып пазлдарды құрастырды, саяхаттың соңында бүтін бір картинканы құрастырды, Дымбілместі білім күнімен құттықтаймыз!
