«ЗАҒИПТАРДЫҢ ӘЛЕМІНЕ КӨЗ ТІГІҢІЗДЕР»
«Зағиптардың әлеміне көз тігіңіздер» акциясында ерекше қажеттілікті талап ететін адамдардың керемет қойылымдарын көру үшін, 14 наурыз жастардың бастамаларын дамыту орталығында Павлодар қаласының студенттері жиналды.
Біздің көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 82 сәбилер бақшасынан кішкентай әртістердің қатысуы ерекше қызығушылық тудырды.
Барлық қатысушылар сахнаға шыққанда (әншілер, ансамблдер, ақындар), көрермендер орындарынан тұрып ерекше әртістерді ду шапалақпен ұзақ тұрып шығарып салды.


