Телефон доверия
email: shkolanv@mail.ru
Адрес: 1 Мая,34/1
рт.301208,328169,
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
«Қазақша сөйлесейік»
06-02-2010 18:00
«Қазақша сөйлесейік»

«Қазақша сөйлесейік»

Өткен жексенбіде Павлодар қаласының ұлттық жаңғыру мектебінде «Қазақша сөйлесейік» акциясына ерекше көңіл бөлінді. Барлық 16 ұлттық бөлімшелер белсенділіктерін танытуға тырысты. Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары бір-бірімен жарыса мақал-мәтел, өлең-тақпақ айтып, мемлекеттік тілде сұхбаттасып, акцияға жете мән беруді жөн көрді. Оны ерекше ұйымдастырылған сайыс-сабағында, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар сайыстарында байқап, көруге мүмкімдік болды. Қазақ тілі мамандары А. Апушева, Ф. Малаева С. Торайғыровтың шығармашылығында ерекше тоқталып өтті. Алдын ала барлық ұлттық бөлімшелердің ұстаздарына С. Торайғыров туралы мәліметтер таратылған. Ұлы жазушының өмірбаяны және атақты шығармасы «Қамар сұлу», реалистік поэмалары жөнінде акция қатысушылары біраз хабардар екеніне көз жетті, өйткені оқушылар ұстаздарымен біріге дайындалыпты. Тіл ұшында жиі тұратын мақал-мәтелдердің жатқа білуін көздеген тіл мамандары әр-түрлі әдістерді қолдана тұрып, акцияға қызықты тапсырмалар әзірлеген. Мысалы: «Мектеп – кеме, білім - ...», «Өқу - инемен құдық ...», «Басты байлық - ...», «Жақсы сөз – жарым ...» т.с.с.; «Екі тілде сөйлейік»:

культура – мәдениет,

литература - ...,

мел – бор,

фонд - ..., т.б.

Осы жолғы акцияда үлкен жауапкершілік танытқан украин, қабарды-балқар және шешен-ингуш бөлімшелері.

Қорыта келгенде, басқа ұлт өкілдерінің ауызынан «Келесі акция қашан болады? Ендігі акция қандай тақырыпта өтеді?» деген сауал туып, қызығушылық танытып жатса, «Қазақша сөйлесейік» акциясы өз жалғауын табады деп ойымды білдіргім келеді.

Ұлттық жаңғыру мектебінің

қосымша білім беруші мұғалімі Ф. Малаева