22 қаңтар күні Ертіс өңірінің ұлттарының рухани құндылықтары, мектепішілік олимпиадасы өткізілді
22 қаңтар күні Ертіс өңірінің ұлттарының рухани құндылықтары, аймақ мәдениетінің тарихы төңірегінде мектепішілік олимпиадасы өткізілді. Шараға 16 ұлттық бөлімше тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырушылар тәрбиеленушілердің толеранттық дағдыларын, этномәдени құзыреттіліктерін, білімдерін бекіту мақсатында 100 сұрақ қарастырылып, 70 сұрақтары іріктеліп, тест тапсырмасына алынды. Олимпиада қорытындысы бойынша әділқазылар келесі тәрбиеленушілер 70-66 ұпай жинап озық атанды. Олар: татар-башқұрт бөлімшесінің тәрбиеленушісі А.Сарлыбаева, белорус бөлімшесінің тәрбиеленушісі В. Маршал, халық этикет тобының тәрбиеленушісі Е.Хашина. Марапаттау мектептің «Бірлік» этнофестивалінде өткізіледі.