"Қайырлы күн" бағдарламасында.
Армян ұлттық бөлімшесі ERTIS телеарнасының "Қайырлы күн" бағдарламасына қатысып қайтты. Бөлімше педагогы С.Аракелян тәрбиленушілері және ата-аналарымен бірге армян халқының салт-дәстүрлері мен ойындарын көрсетті. Мектебімізде ұйымдастырылған жазғы лагерь қызметі жайлы да баяндап, жыл бойы атқарылған жұмысы, жеткен жеңістері жайында әңгімеледі.