Ашық көрсетілімдер
Адамның эмоциялық жағдайы еш нәрсеге қарамастан да маңызды болмақ. Баланың көңіл-күйінен оның дамуы, әрекеті, ойыны, өзімен жасты балалармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауы тікелей әсер етуде. Сондықтан да біздің балабақшамыздың бір міндеті ретінде сабақтарда, орталықта жұмыс жасауда, ойында, қатынас жасауындағы балалардың эмоциялық жетілуі болып табылады. Біздің бақшамызда «Менің көңіл-күйім» атты айлық өтіп, ашық сабақ көрсетілімдері жүргізілді.Жұмыс барысында тәрбиешілер балалардың эмоциялық көңіл-күйін бақылап, тестілеу жүргізді. Ал ең бастысы эмоциялық ортасын дамытуда әртүрлі жаттығулар, тренингтер, релаксациялық жаттығуларды қолданды. Әрекет нәтижесінде ортаңғы «А» тобының тәрбиешісі Чулкина Н.М. «Көңіл-күй еліне саяхат» және 2-ші сәбилер «В» тобының тәрбиешісі А.С.Шахманова «Дене мүшелері. Эмоция» атты тақырыпта ашық сабақтар көрсетті.
Тәрбиеші: Безрукова Ю.А.
