Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
Ашық көрсетілімдер
27-10-2011 11:04

Ашық көрсетілімдер

         Адамның эмоциялық жағдайы еш нәрсеге қарамастан да маңызды болмақ. Баланың көңіл-күйінен оның дамуы, әрекеті, ойыны, өзімен жасты балалармен және үлкендермен  қарым-қатынас жасауы тікелей әсер етуде. Сондықтан да біздің балабақшамыздың бір міндеті ретінде сабақтарда, орталықта жұмыс жасауда, ойында, қатынас жасауындағы балалардың эмоциялық жетілуі болып табылады. Біздің бақшамызда «Менің көңіл-күйім» атты айлық өтіп, ашық сабақ көрсетілімдері жүргізілді.Жұмыс барысында тәрбиешілер балалардың эмоциялық көңіл-күйін бақылап, тестілеу жүргізді. Ал ең бастысы эмоциялық  ортасын дамытуда әртүрлі жаттығулар, тренингтер, релаксациялық жаттығуларды қолданды. Әрекет нәтижесінде ортаңғы «А» тобының тәрбиешісі Чулкина Н.М. «Көңіл-күй еліне саяхат» және 2-ші сәбилер «В» тобының тәрбиешісі А.С.Шахманова «Дене мүшелері. Эмоция» атты тақырыпта ашық сабақтар көрсетті.

Тәрбиеші: Безрукова Ю.А.