Ата - аналар мен балалар бірлесіп ұшып келген қараторғайларға, біздің кішкентай достарымызға арнап жаңа, жайлы үйшіктер жасап әкелді. Зор сүйіспеншілікпен және шын ықыластарымен жасаған үйшіктері сондай әдемі! Әкелері балаларымен өткізген тамаша сәттері бекер кеткен жоқ, қараторғайларға арнап үй құрастырып, шеберлік көрсетті. Әр бала өзінің әкелген үйшігін мақтанышпен көрсетіп, әкесімен ағашқа байлады.
Әр топтың ата - аналары акцияға жауапкершілікпен қатысып, нәтижесінде әр телімде тамаша үйшіктер пайда болды.
Серуен кезінде балалар жаңа қоныстанған тұрғындарды бақылайтын болады, оларға сүйсініп қарап, әрекеттерін, ұшқандарын бақылап, өз пікірлерімен қатарластарымен және ата - аналарымен бөліседі деген ойдамыз. Акцияға қатысқан ата - аналарға алғысымызды білдіреміз!