Қазақстан халықтарының қуыршақтары
Ұлыстың ұлы мерекесі Наурызға арнап ата - аналар өз қолдарымен Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан барлық ұлттың киімдерін тігіп,
сәнді қуыршақтарын әзірлеп әкеліпті. Көрмеге жиналған қуыршақтар саны 100-ден асады, 20-дан астам ұлттар көрсетілді. Киімдері оймақтай тігілген, әшекей бұйымдары тағы бар көрме көздің жауын алды. Балаларға да, дайындап әкелген ата - аналарға да өте ұнады. Ата - аналарға айтар алғысымыз шексіз!