«Мәдени мұра» Павлодар облысының көрнекі жерлерінен көрме
15 желтоқсан күні балабақшамызда "Мәдени мұра" Павлодар облысының және Астананың көрнекі жерлерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қаламыздың бетке ұстар, символы болған жерлердің макеттері қағаз бен желімнің көмегімен жасалған, олар әйгілі Павлодарлық Биг-Бэн, Қазақстан Республикасының флагштогы, Мәшһүр Жүсіп және Ғазиз мешіттері, "Нұрлы жол" Павлодар - Ақсу көпірі, "Бәйтерек" монументі және "Бейбітшілік және Келісім сарайы". Балалар танымал жерлерді бірден атап, өз пікірлерімен бөлісті.