2018 жылғы 4 пен 7 желтоқсан арасында біздің балабақшамызда "Құстар асханасы" акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: Құстардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту, балалар мен ата - аналардың зейіндерін құстарды тамақтандыру мәселесіне аудару, туған өлкеміздің құстарына деген жанашырлық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру, өйткені олар біздің қамқорлығымыз бен назарымызды қалайды.
Міндеттері: Құстарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу, қыстың қатал жағдайларында оларға көмектесуге ықылас тудыру. Қысқы мезгілде құстарға көмек көрсетудегі адамдардың рөлін қарастыру. Құстарға арналған жемсалғыштарды жасау және ілу. Құстарды дұрыс тамақтандыруға балаларды үйрету.
Бұл акциядан біз нені күттік? Ата - аналар мен балалардың қыстайтын құстарға көмектесуін күттік. Біздің еңбегіміз оларға еліктеуге үйретеді. Әрине, ең басты күтетініміз - біздің қанатты достарымыздың "асханаға" келіп тамақтануын көруіміз.
Балалар ата - аналарымен құстарға түрлі жемсалғыштарды қораптардан, ағаштардан, пластик шөлмектерден және т.б. жасады. Жемсалғыштар әдемі, көз тартарлық, қызықты болып жасалыпты.